425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада экологиялық тиімді өндіріске қауіп төніп тұр

  • 176
  • UPD: 08:43, 12.08.2020
Еуропада экологиялық тиімді өндіріске қауіп төніп тұр

Еуропада экологиялық тиімді өндіріс – қайта өңделген пластикке деген сұраныс азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан тиісті кәсіппен айналысатын компаниялар шығынға батты. Бұған коронавирус кері әсерін тигізген. Мұнай бағасы құлдырағасын, кәдімгі пластиктің де құны арзандаған. Бұл ретте қоршаған орта жөніндегі еуропалық агенттік бағалар арасындағы айырмашылықты жою үшін салық салуды ұсынып отыр. 

Карлос Бенто, Micronipol компаниясының басшысы:

– Бәсекеге қабілетті бола алмасақ, шығын осылай арта берсе, бізге екі нұсқа арасында таңдау жасауға тура келеді. Не бізді біреулер субсидиялауы керек, не болмаса бизнесімізді жабамыз. Онсыз да өндіріс көлемін қысқарттық. Бағаларды төмендеттік. Алайда одан артық ештеңе істей алмаймыз. Өйткені қызметкерлердің жалақысы мен электр энергиясына кететін шығындар бар.

Коронавирус кесірінен Еуроодақтың 2021 жылға таман кейбір пластик тауарлардың өндірісін тоқтату жоспары да іске аспай қала ма деген күдік бар. Өйткені індетті жұқтыру қаупін төмендету үшін тұтынушылар мен мейрамханалар бір реттік пластик өнімдерді жиі пайдаланатын болған.

Хабар 24 телеарнасы