Франция Маврикий маңында теңізге көп мөлшерде мұнай төгілуіне байланысты аталған елге әскери кеме жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі су бетіндегі мұнай дақтары теңіз фаунасына үлкен қауіп төндіре бастады. Одан жергілікті тұрғындар да жапа шегіп отыр.
Айта кетейік, өткен аптада осы аралға жақын жерде қара алтынның төгіле бастағаны анықталған еді. Мұнай тиеген кеме әйгілі Блю Бей мүйісі маңында қайырға соққан. Осыған байланысты ел билігі жұма күні экологиялық апат режимін жариялады.
