429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Forbes ең табысты актерлердің рейтингін жариялады

  • 274
  • UPD: 10:54, 12.08.2020
Forbes ең табысты актерлердің рейтингін жариялады

Әлемдегі ең табысты актерлер рейтингінде бір жылда 87,5 млн доллардан астам табыс тапқан Дуэйн Джонсон көш бастады.

Екінші орында 71,5 млн доллар табысымен Райан Рейнольдс тұр, деп хабарлады Forbes.

Үшінші орынды Марк Уолберг иеленді. Оның бір жыл ішіндегі табысы 58 млн долларды құрайды.

Бұл тізімге негізінен Голливуд жұлдыздары енген. Олардың қатарына Бен Аффлек (төртінші орын, 55 млн доллар) және Вин Дизель (бесінші орын, 54 млн доллар) кіреді.

Рейтингке үнді актері Акшай Кумар да енді. Оның бір жылдық табысы 48,5 млн доллар болады.

Хабар 24 телеарнасы