423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада 20 жылдан астам уақыт қашып жүрген қылмыскер ұсталды

  • 287
  • UPD: 11:19, 12.08.2020
Еуропада 20 жылдан астам уақыт қашып жүрген қылмыскер ұсталды

Испания полициясы Еуропада ең көп уақыт іздеуде болған қылмыскерді қамауға алды. Ол 1999 жылдан бері қашып жүрген.

Қылмыскер 1999 жылы Люксембургте 70 жастағы әйелдің үйін тонамақ болған. Одан соң өзін байқап қалған жәбірленушіні балғамен ұрып өлтірген.

Содан бері ер адам іздестіріліп келді.

Жақында оның бірнеше жыл бойы Испанияның Уэльва провинциясындағы Пунта-Умбрия қаласында жасырынып жүргені белгілі болды. Қылмыскерді ұстауға Испания азаматы көмектескен.

Хабар 24 телеарнасы