430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Моңғолияда бубон обасынан тағы бір адам көз жұмды

  • 277
  • UPD: 12:22, 12.08.2020
Моңғолияда бубон обасынан тағы бір адам көз жұмды

Моңғолияда бубон обасынан болған тағы бір өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлады Синьхуа.

42 жастағы ер адам Моңғолияның батысындағы Ховд провинциясында қайтыс болды.

Бұған дейін оба Ішкі Моңғолияның (ҚХР) Баян-Нұр қаласындағы малшылардан расталған. Сонымен қатар Моңғолияның батысында Алтай республикасымен шектесетін аймақта анықталды.

Сондай-ақ Говь-Алтай провинциясында бубон обасынан 15 жасар жасөспірімнің қайтыс болғаны айтылған еді.

Оба – өлім-жітімге алып келетін өте жұқпалы ауру. Оның табиғи жұқтыру көзі кеміргіштер болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы