430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коста-Рикада бір тонна кокаин тәркіленді

  • 191
  • UPD: 14:22, 12.08.2020
Коста-Рикада бір тонна кокаин тәркіленді

Коста-Рикада үлкен көлемде есіркі тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар».

Тәртіп сақшыларының есірткіге қарсы жүргізген арнайы операциясы барысында салмағы 1 тоннадан астам кокаин табылды. Бұл туралы осы елдің қоғамдық қауіпсіздік министрі хабарлайды. Есірткінің нарықтағы құны миллиондаған еуроға бағаланып отыр. Билік өкілдері жүк ананасқа арналған ыдыста сақталғанын айтады. Белгілі болғандай, заңсыз тауар Нидерландтың Роттердам қаласына жөнелтілген екен. Осылайша, жыл басынан бері Коста-Рикада 9 тоннадан астам заңсыз экспортталатын есіркі тәркіленді.

Майкл Сото, Коста-Риканың қауіпсіздік министрі:

-Арнайы қызмет мамандарының контейнерлерді тексеру барысында 1 тоннадан астам кокаин табылды. Тауар жеміс-жидектерге арналған ыдысқа тығылған. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер жауапқа тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы