427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда шеруге шыққан 25 әйел қамауға алынды

  • 389
Түркияда шеруге шыққан 25 әйел қамауға алынды

Түркияда әйелдер шеруі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше Анкара көшесіне жүздеген қыз-келіншек шығып, отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғайтын Стамбул конвенциясынан Түркияның шығуына қарсылық танытты. Полиция жолды жауып, наразылық танытушылардың тарқауын өтінгенде қақтығыс болып, күштік құрылымдар 25 әйелді қамауға алған. Түркияның ресми өкілдері  аталған келісімнен шығу не шықпау жөніндегі шешімді осы аптада қабылдайтынын жеткізді.

Айта өту керек, отбасындағы теңдікті сақтауды көздейтін құжатқа 2011 жылы қол қойылған, биыл ел президенті Реджеп Тайып Ердоған басқаратын партия аталған келісімнен Түркияның шығатынын мәлімдеді. Өткен жылы Түркияда 474 әйел қасақана өлтірілген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Хабар 24 телеарнасы