420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мичиганда ата-аналар балалардың қашықтан білім алуына наразы

  • 143
  • UPD: 17:29, 13.08.2020
Мичиганда ата-аналар балалардың қашықтан білім алуына наразы mel.fm

АҚШ-тың Мичиган штатында ата-аналар мектептердің ашылуын талап етіп ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда жергілікті билік аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа оқу жылы онлайн басталатынын хабарлаған болатын. Ал жиналғандар балалардың қашықтан білім алуына қарсылығын білдіруде. Наразы жұрт оқушылар мектеп қабырғасында оқып, әрі спортпен шұғылданып, сыныптан тыс үйірмелерге қатысуы керек деген пікірде. Ата-аналар баланың үйде отыруы оның психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін дегенді алға тартады. Ал мектеп басшылары болса оқу форматы енді қараша айында ғана қайта қарастырылады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы