423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Uber Калифорниядағы қызметін тоқтатпақ

  • 241
Uber Калифорниядағы қызметін тоқтатпақ

Uber компаниясы Калифорниядағы қызметін бірнеше айға тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты себеп, Сан-Франциско жоғары сотының шешімі. Сот бұйрығы компанияға жүргізушілерді штатқа алуға міндеттейді. The Guardian басылымы бұл бұйрық компанияның бизнес-моделі үшін елеулі проблемалар тудыруы мүмкін деп жазады. Алайда компаниялар еңбек заңын орындаудан бас тартып, жүргізушілермен мердігер ретінде келісімдер бекіткен. Осылайша, такси жүргізушілері еңбек және декреттік демалысы, және өзге де әлеуметтік төлемдерден қағылды. Бұған дейін пандемияға байланысты Uber такси қызметіне деген сұраныс айтарлықтай төмендеп кеткені хабарланған.

Хабар 24 телеарнасы