Коронавирус кесірінен Парижде өтетін халықаралық марафон кейінге қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ауқымды іс-шара әуелі 5 сәуірге жоспарланған еді. Кейін 18 қарашаға ауыстырылды. Енді ол тек келер жылы ғана ұйымдастырылатын болды. Әлемдегі ахуалға байланысты биыл Париждегі марафоннан бөлек, Нью-Йорк, Бостон, Берлин мен Чикагодағы жарыстардың өту мерзімі кейінге шегерілді. Ал Лондон марафонына тек ауқатты азаматтар ғана қатысады.