423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жапониялық компания виртуалды саяхаттауды ұсынды

  • 342
Жапониялық компания виртуалды саяхаттауды ұсынды New York Post

Жапониялық At First Airlines компаниясы ел азаматтарына шетелге сапарлауды ұсынды.

Бірақ тек виртуалды түрде. Бәрі де шын өмірдегідей: ұшақ бортына жайғасқан жолаушылар қозғалтқыштардың дауысын естіп, иллюминатордан жердің көрінісін тамашалай алады. Жалпы, компания өкілдерінің айтуынша, мұндай саяхатқа ел арасында сұраныс артқан. Көктемнен бері билет сатылымдары 50 процентке артыпты.

Хироаки Абэ, At First Airlines компаниясының президенті:

– Коронавирус кесірінен шетелге саяхат жасай алмағандықтан клиенттер бізді таңдайды. Мәселен, кей жолаушы жыл сайын Гавайге жол тартып үйренген. Ал қазіргі жағдайда мұндай мүмкіндікті тек біз бере аламыз. Сондықтан бізге деген сұраныс артып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы