422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентинада COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны артты

  • 319
  • UPD: 17:57, 13.08.2020
Аргентинада COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны артты

Аргентинада «Ковид-19» дертінің таралуы қарқын алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік аймақта қатаң шектеу шараларын енгізгенмен, науқас саны күн санап артуда. Соңғы тәулікте 7 мыңнан астам адам қауіпті індеттің ілмегіне ілінген. Осылайша ел аумағы бойынша, дімкәс жандардың қатары 270 мыңға жуықтап, Италиядан да асып түсті. Ал коронавирус құрбандарының саны
5 мыңнан асты. Аргентинада алғаш рет наурыз айында карантин режимі жарияланған болатын. Инфекциядан ең көп Буэнос-Айрес қаласының тұрғындары зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы