Аймақта бір ай бұрын басталған тасқынның әлі де басылар түрі жоқ.
Табиғат апатынан мерт болғандардың саны 160-тан асты. Ел астанасы Дакка қаласының маңындағы топан су астында қалған елді мекен тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Адамдарға өзге жерге көшу үшін қайықпен жүзуге тура келді. Аймақтағы өзеннің суы арнасынан асып, тұрғын үйлер мен егіс алқаптарына зақым келді. Ондаған үй жануары су астына кетті. Табиғат апаты аздай елде коронавирус індеті де кең етек жаюда. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бангладеште «Ковид-19-ды» жұқтырғандардың саны 226 мыңнан асты. 3513 науқас қауіпті дерттен көз жұмды