423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оксфордта жасалған вакцинаны Аргентина мен Мексика да өндірмек

  • 247
  • UPD: 18:15, 13.08.2020
Оксфордта жасалған вакцинаны Аргентина мен Мексика да өндірмек

Аргентина мен Мексика Окфорд университетінде шыққан коронавирусқа қарсы вакцинаны бірге өндіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Аргентина президенті Альберто Фернандес хабарлады. AstraZeneca деп аталатын препарат ағылшын және швед ғалымдарының еңбегі. Фернандестің айтуынша, өндірілетін екпемен Бразилиядан басқа, Латын Американың барлық елі қамтамасыз етіледі. Жоспар бойынша, дәрінің 250 млн дозасы шығарылады. Оның бірінші партиясы 2021 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болмақ.
Альберто Фернандес, Аргентина президенті:
– Өндірілетін 250 млн дозаны Латын Америка елдеріне бірдей бөлеміз. Тізімге Бразилия кірмейді. Бұл жұмысқа Аргентина мен Мексика жауапты болады. Бір вакцинаның құны шамамен 3-4 АҚШ доллары тұрады. Бұл Латын Америка елдерінің тұрғындары үшін қолжетімді баға деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы