429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда көшеде шылым шегуге тыйым салынды

  • 192
  • UPD: 09:14, 14.08.2020
Испанияда көшеде шылым шегуге тыйым салынды

Испанияның Галисия өңірінің тұрғындары енді көшеде не дәмхана мен мейрамхана террасасында шылым шеге алмайды. Бұл коронавируспен күрес мақсатында қабылданған шара. Мамандардың айтуынша, шылым шегу үшін адамдар маскасын шешуге мәжбүр. Ал тұрғындарға қоғамдық орында онсыз жүруге болмайды.  

БЛИЦ:

- Негізі бұл қызмет көрсету саласы үшін қуантарлық жаңалық емес. Барға келген қонақтардың маскасымен әлек болып жүргеніміз аздай, енді оларға темекі шегуге рұқсат етпеуіміз керек.

- Ақылы бар адам әлеуметтік қашықтық сақтайды, қолын жиі жуып, қасында кісілер тұрғында темекі тартпайды. Болды емес пе? Мәселен, мен сыртта шылым шегу үшін өзгелерге кедергі келтірмей, 4 метр қашықтық сақтасам жеткілікті емес пе? Меніңше, оның түк қиындығы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы