426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда коронавируске байланысты төтенше жағдай ұзартылды

  • 209
  • UPD: 11:01, 14.08.2020
Ливанда коронавируске байланысты төтенше жағдай ұзартылды

Ливанда коронавирус індетінің таралуы қарқын алып барады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды.

Бұл туралы осы елдің уақытша денсаулық сақтау министрі Хамад Хасан хабарлайды.

Айта кетейік, Ливанда СOVID-19-ға шалдыққандар қатары 7 мың 400-ден асты. Соңғы тәулікте қауіпті дертті 300-ге жуық адам жұқтырған. Ал үкіметтің жариялаған қатаң шектеу шараларына қарамастан Бейруттегі жарылыстан кейін халықтың жаппай ереуілге шығуынан аймақтағы эпидемиологиялық ахуал одан бетер нашарлай  түсті.

Хабар 24 телеарнасы