428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия шетелден келушілерге қатысты шектеулер енгізді

  • 215
  • UPD: 14:59, 14.08.2020
Британия шетелден келушілерге қатысты шектеулер енгізді

Ұлыбритания билігі Франция, Нидерланд, Мальта, Монако, Тёркс және Кайкос аралдарынан баратындар үшін 14 күндік карантин режимін енгізді.

Бұл туралы осы елдің көлік министрі Грант Шаппс хабарлады. Жаңа ереже тамыздың 15-інен бастап күшіне енеді. Бұл жаңалықты естіген Франция билігі наразылығын білдіріп, олар да қарап қалмайтынын хабарлады.

Айта кетейік, енгізілген карантин талаптары бүгінде туризм саласына кері әсерін тигізіп жатыр. Әсіресе жаздың ыстығында әдетте аймаққа ағылған саяхатшылар легі енді күрт азаяды.

Хабар 24 телеарнасы