420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы жанданады

  • 198
  • UPD: 15:16, 14.08.2020
Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы жанданады

Қыркүйектің ортасында Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе қатынасы жанданады.

Алдымен «Нұр-Сұлтан-Шарм-Эль-Шейх» және «Алматы- Шарм-Эль-Шейх» бағыттары бойынша тікелей ұшулар жоспарланған. Қазан айында Шымкент, Қостанай қалалары қосылады.

Айта кетейік, туристік пакеттегі турлардың құны былтырғы деңгейде қалған. Қызметті еліміздегі барлық туристік агенттіктер көрсетеді. Шарм-эль-Шейх пен Хургада курорттарына тікелей чартерлік және тұрақты рейстермен келген туристерден ПТР тестерінің нәтижесі сұралады. Ағзада коронавирус жоқтығын дәлелдейтін құжат мерзімі 72 сағаттан аспауы керек.

Хабар 24 телеарнасы