426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі жарылыстан қаза тапқандар саны 178-ге жетті

  • 185
  • UPD: 17:11, 14.08.2020
Бейруттегі жарылыстан қаза тапқандар саны 178-ге жетті

Бейрут портындағы жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 178 адамға жетті.

Із-түссіз жоғалып кеткен 30 адам әлі табылмаған, деп хабарлады Al Arabiya.

Еске салсақ, Бейруттегі теңіз портының базасында 4 тамыз күні бірнеше қатты жарылыс болды. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлердің, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы.

Бейруттегі жойқын жарылыстан 4 мың ғимарат қираған.

Мамандар Бейруттегі жарылыстан келген шығынды 15 млрд долларға бағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы