429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАӘ мен Израиль бейбіт келісімге келді

  • 195
БАӘ мен Израиль бейбіт келісімге келді

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері бітімгерлік келісіміне қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаны тарихи серпіліс деп атады. Келісім елдер арасында толық дипломатиялық қатынас орнату, елшіліктер ашу, сондай-ақ экономикаға инвестиция тарту секілді қадамдарды қамтиды. Құжат аясында мұсылмандар Иерусалимнің қасиетті жерлерін еркін аралай алады.

Келісім – Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері және АҚШ арасындағы ұзақ келіссөздердің нәтижесі. Дегенмен Нетаньяху Иордан өзенінің батыс жағалауын қосып алу туралы жоспарынан айнымайтынын айтып отыр. Алайда бұл мәселенің оң шешіміне АҚШ араласатын болады.

Айта өткен жөн, Біріккен Араб Әмірліктері – Израильмен бейбіт келісім жасасқан Иордания мен Египеттен кейінгі араб әлемінің үшінші елі.

Биньямин Нетаньяху, Израильдің премьер-министрі:

– Біз бірлесе отырып аймақты гүлдендіреміз, осылайша халқымыз үшін жақсы әрі жарқын болашақ құрамыз. Бұл – бейбітшілік, қауіпсіздік пен өркендеудің болашағы. Мен әрқашан араб елдерімен бейбітшілік орната алатынымызға сенімді едім және мен осы асыл мақсатқа жету үшін ондаған жылдар бойы жұмыс істедім.

Хабар 24 телеарнасы