432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде коронавируспен күрес мақсатында Smart-аялдама орнатылды

  • 253
  • UPD: 17:11, 15.08.2020

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде коронавируспен күрес мақсатында Smart-аялдама орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автобусқа мінетін жолаушылар осы бекет арқылы өтуі тиіс. Оның есігінде дене қызуын өлшейтін жүйе орнатылған. Егер температура қалыпты межеден асып кетсе, бұл есік ашылмайды. Ал, аялдаманың ішінде ультракүлгін зарарсыздандырғыш орнатылған. Ол вирус пен микробтардың 99%-ін жояды.

Хабар 24 телеарнасы