425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ Беларусьтегі президенттік сайлау қорытындысын танудан бас тартты

  • 254
  • UPD: 15:03, 15.08.2020
Еуроодақ Беларусьтегі президенттік сайлау қорытындысын танудан бас тартты

Еуропалық одақ Беларусьтегі президенттік сайлаудың қорытындысын танудан бас тартып, оппозицияға қарсы күш қолданған тұлғаларға санкция салуды қарастыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің басқосуында осындай шешім қабылданды. Сыртқы саясат басшылары төрт жыл бұрын президент Александр Лукашенко мен оның шенеуніктеріне салынған шектеулерді қайта қалпына келтіруді ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, Беларусьта 9 тамыз күні президенттік сайлау өткен. Орталық сайлау комиссиясы кеше оның соңғы қорытындысын жариялады. Оған қарағанда, Александр Лукашенко сайлаушылардың 80,1% дауысын, ал Тихановская 10,1% дауысын жинаған.

Хабар 24 телеарнасы