424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польша өз жеріндегі АҚШ әскерилері санын көбейтуге келісім берді

  • 198
  • UPD: 21:29, 15.08.2020
Польша өз жеріндегі АҚШ әскерилері санын көбейтуге келісім берді

АҚШ пен Польша әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Құрама Штаттардың Польшадағы күшін ұлғайтып, оның осы елдегі позициясын нығайтуға бағытталған.

Дәлірек айтсақ, Польшадағы американ сарбаздарының саны тағы 1 мыңға арттырылып, АҚШ-тың 5-жаяу әскер корпусын қайта жасақтамақ. Қазір поляк жерінде 5 мыңға жуық американдық жауынгер бар.

Польша президенті Анджей Дуданың айтуынша, екі елдің әскери ынтымақтастығы Еуропаның қауіпсіздігін күшейтеді.

Хабар 24 телеарнасы