429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан экономикасын қалпына келтіруге 1,46 трлн доллар бөледі

  • 130
Үндістан экономикасын қалпына келтіруге 1,46 трлн доллар бөледі

Үндістан коронавирус індетінен кейін ел экономикасын қалпына келтіру үшін 1 триллион 46 миллиард доллар бөлмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел тәуелсіздігіне 74 жыл толу күніне орай премьер-министр Нарендра Моди мәлімдеді. Қомақты қаржыға 7 мыңнан астам инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылмақ. Осымен бірге Моди қазір Үндістанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина жасалып жатқанын жеткізді. Екпе барлық тексерістен өткен соң жаппай қоданысқа берілмек.

Айта кетейік, Үндістан қазір COVID-19-ды жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда, бұл елде дертке шалдыққандар саны 2,5 миллионнан асып, 49 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы