422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайлықтар шетелдік тағамдардан бас тарта бастады

  • 360
  • UPD: 08:22, 16.08.2020
Қытайлықтар шетелдік тағамдардан бас тарта бастады

Қытай тұтынушылары коронавирусты жұқтырудан қорқып, шетелден әкелінетін тағамдардан бас тарта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Бразилиядан әкелінген мұздатылған тауық қанаттары мен эквадорлық асшаяннан қауіпті вирустың шығуы себеп. Жаңалық жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып, көптеген адам шетелдік тағамдардан толықтай бас тартуды шешкен. Қытайлықтарды АҚШ-тың Азық-түлік сапасын бақылау жөніндегі сантиарлық басқармасының «тағамнан вирустың жұғатыны дәлелденбеген» деген мәлімдемесі де сендіре қоймаған.

Ванг Чао, жергілікті тұрғын:

– Мен шетелден әкелінетін азық-түлікті сатып алмаймын деп шештім. Себебі қазір ол жақта коронавирусқа байланысты жағдай бізге қарағанда нашар. Басқа адамдардың да отандық өнімді ала бастағаны байқалады.

Мұздатылған тағамдардан вирустың шығуы мейрамхана бизнесіне де кері әсерін тигізді. Себебі жергілікті билік балық өнімдерін тексеруді күшейтіп, оларды жеткізуде мәселелер туындаған. Тұтынушылардың да шетелдік тауарларға күдікпен қарауы күшейген.

Хабар 24 телеарнасы