425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ президентінің інісі қайтыс болды

  • 484
  • UPD: 15:07, 16.08.2020
АҚШ президентінің інісі қайтыс болды azerbaycan24.com

АҚШ президенті Дональд Трамп інісі Роберт Трамптың қайтыс болғанын хабарлады.

Бұл мәлімет Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Роберт Трамптың жасы 72-де болатын. Ақ үй басшысы Роберттің інісі ғана емес, ең жақын досы болғанын да хабарлады.  

«Біз сені сағынатын боламыз, бірақ әлі кездесеміз. Ол мәңгі менің жүрегімде. Роберт, мен сені жақсы көремін», – делінген мәліметте.

14 тамыз күні АҚШ президентінің інісі ауыр халде Нью-Йорктегі ауруханаға жеткізілген. Алайда оның қандай дерттен көз жұмғаны құпия ұсталып отыр.

Айта кетейік, Роберт Трамп қазіргі АҚШ басшысы компаниясында түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Бірақ ол туралы ақпарат құралдарында шілде айында туысы Мэридің Ақ үй басшысы жайлы кітап жарияламақ болған кезде көбірек айтылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы