423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп Alibaba компаниясының жұмысына тыйым салуы мүмкін

  • 199
  • UPD: 11:33, 16.08.2020
Трамп Alibaba компаниясының жұмысына тыйым салуы мүмкін

Қытайлық интернет алып Alibaba компаниясының АҚШ аумағындағы жұмысына тыйым салынуы әбден мүмкін.

Бұл туралы президент Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Журналистердің бірі «ТикТок» әлеуметтік желісін иеленуші «Байт Данс» бірлестігіне қарсы шарадан кейін Қытайдың өзге компанияларына осындай шаралар қолданылуы мүмкін бе деп сұраған еді. Ақ үй басшысы мұны жоққа шығармайтынын және қазір билік түрлі шешімдер қарастырып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Трамп әкімшілігі осы айдың бас кезінде Қытайдың ірі технологиялық бірлестіктеріне қарсы бірқатар шектеу шарасын ұсынған болатын. Ал Alibaba бірлестігі – әлемдегі ең ірі электрондық коммерция мен цифрлық төлем компаниясының бірі.

Хабар 24 телеарнасы