427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испаниядан Германияға оралған азаматтар тест тапсыра бастады

  • 342
  • UPD: 13:12, 16.08.2020
Испаниядан Германияға оралған азаматтар тест тапсыра бастады

Германияда Испаниядан оралған барлық адамдар коронавирусқа қарсы тестілеуден өткізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан әуежайларда ұзын-сонар кезектер пайда болған. Тест тапсырған азаматтар оның қорытындысы шыққанша 2 аптадай оқшаулануы тиіс. Себебі Пиреней түбегінде COVID-19-ды жұқтырғандар саны күрт өскен. Осыған байланысты неміс үкіметі бірер күн бұрын Испания аумағын коронавирус қаупі жоғары аймаққа жатқызып, ол жақтан оралған адамдарды міндетті түрде тестілеуден өткізуді енгізді.

Марк Земмельман, Испаниядан оралған турист:

– Дұрыс шешім. Себебі тест кімнің вирус жұқтырғанын анықтайды. Әрі ол сақтық шаралары. Демек өзімді ғана емес, отбасымды да қорғауға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы