432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Бейрутке көмектесу үшін 565 млн доллар керек

  • 342
  • UPD: 21:07, 16.08.2020
БҰҰ: Бейрутке көмектесу үшін 565 млн доллар керек

БҰҰ халықаралық қауымдастықтан жойқын жарылыс болған Ливанға қолдау көрсету үшін 565 миллион доллар қаржы сұрады.

Бұл туралы ұйымның гуманитарлық үйлестірушісі Наджат Рочди мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржы апаттан зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық көмекпен бірге Бейрут қаласын қалпына келтіруге жұмсалмақ.

Еске сала кетейік, тамыздың 4-і күні Бейрут портында жарылыс болып, 170-тен астам адам қаза тапты. 6 мың тұрғын жарақат алды. 300 мыңнан аса адам баспанасыз қалды. Жойқын жарылыстан елдегі жалғыз астық қоймасының тас-талқаны шығып, 6 аурухана бүлінген еді.

Наджат Рочди, БҰҰ-ның гуманитарлық үйлестірушісі:

- Көмек мұқтаж жандарға бөлінуі тиіс. Осы үшін арнайы механизм жасалды. Жоба жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жүзеге асырылатын болады. Біз мұндай шараны бұған дейін әлемнің өзге де елдерінде қолдандық.

Хабар 24 телеарнасы