427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде үкімет басшысына қарсы наразылық шеруі өтті

  • 254
  • UPD: 18:14, 16.08.2020
Израильде үкімет басшысына қарсы наразылық шеруі өтті

Израильде халықтың бір бөлігі ремьер-министр Беньямин Нетаньяхуға қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иерусалимде қолына түрлі үнпарақ ұстап шыққан жүздеген адам премьер-министр резиденциясының алдына жиналды.

Жұрт үкімет басшысының коронавируспен күресіне көңілдері толмайтынын айтып, оның қызметінен кетуін талап етіп жатыр. Шерушілер «Нетаньяху жұмыс орындары мен бизнесті сақтап қала алмады», деп айыптап отыр. Нетаньяху болса, «наразылық бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен жүзеге асырылып отырған әрекет», дейді. Ал елде коронавирусты жұқтырғандардың қайта көбеюіне байланысты Нетаньяхудың рейтингі 30%-тен де төмендеп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы