427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

  • 259
  • UPD: 22:34, 16.08.2020
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда 267 адамнан вирус анықталып, билік дабыл қаға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, бұл елде мұншама көп адамның дертке шалдығуы соңғы рет наурыздың 8-і күні тіркелген. Әрі науқас саны күніне 100 адамнан аспаған еді. Коронавирус, әсіресе, Сеул қаласы мен оған жапсарлас орналасқан Кенгидо провинциясында көбірек байқалды. Мұндағы жағдайға шіркеулер себеп болғанға ұқсайды. Осыған байланысты билік аталған орындардағы сақтық шараларын күшейтуге көшті.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда қазірге дейін 15 мыңнан астам адам ғана дертке шалдыққан. 305 адам қайтыс болды.

Пак Нын Ху, Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрі:

-Бұл жолы адамдардың вирусты жаппай жұқтыру дерегі шіркеу, мейрамхана және базарларда тіркелген. Бізді әсіресе, індеттің қаладан тыс жатқан аудандарда көптеп тіркеле бастауы қатты алаңадатып отыр. Сондықтан ауру одан әрі таралмас үшін барлық шаралар қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы