420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салды

  • 138
  • UPD: 12:11, 17.08.2020
Грекия ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салды

Грекияда індеттің қайта өршуіне байланысты түнгі сауық өмірге шектеу қойылды. Елдің бірқатар аймағында түнгі клубтар мен мейрамхана және дәмханалардың түнгі 12-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Себебі адамдардың түнде жаппай серуендеп, жастардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауынан індеттің таралуы күшейген. Бизнес өкілдері болса елде туристік маусым ресми түрде ашылған соң шектеу шараларын енгізу қате дегенді айтады. Ал ресми дерекке қарағанда соңғы күндері Грекияда вирус 200-ден астам адамнан анықталған. Дертті жұқтырғандардың жалпы саны 7 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы