421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өрті өршіді

  • 180
Калифорнияда орман өрті өршіді

Калифорнияда орман өрті ырық бермей тұр. Тілсіз жау Солтүстік Калифорниядағы елді мекендерге қауіп төндіруде.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтай алмай әлек. Мамандар апаттан 80 шаршы шақырым жердің күлге айналғанын айтады. Жергілікті билік аймақ тұрғындарын эвакуациялау туралы бұйрық берді. Өртті сөндіру жұмыстарына жақын маңдағы аудандардан арнайы техника мен мамандар тартылды. Ауа райы да өртті өшіруге кедергі келтіруде. Синоптиктердің айтуынша, қазір аймақта аптап ыстық пен қатты жел тұр.

Хабар 24 телеарнасы