420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппин жағалауында жер сілкінді

  • 131
  • UPD: 15:48, 18.08.2020
Филиппин жағалауында жер сілкінді фото: ainews.kz

Филиппин жағалауында қуаты 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметі хабарлайды. Жерасты дүмпуінің эпиорталығы ел астанасы Манила қаласынан 124 шақырым жерде орналасқан. Апат болған жерге жақын маңдағы елді мекендердің инфрақұрылымы мен теңіз портына зақым келген. Халық қауіпсіздік мақсатында үйлерінен сыртқа шығып аман қалды. Әзірге табиғат апатынан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы