426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевте коронавирусқа қатысты карантин қайта күшейтілді

  • 165
  • UPD: 11:06, 18.08.2020

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Киевте коронавирусқа қатысты карантин қайтадан күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған медициналық мекемелердегі орындардың 50%-тен астамы науқастармен толғаны тікелей себеп болған. Қатал карантин 14 күнге дейін ұзартылды.

Қоғамдық орындарда міндетті түрде маскамен жүру талабын көбінесе автобус пен трамвай жолаушылары ескермейді.

Көлік ішінде тағуды қажетсінбейді. Және әр адам тек белгіленген орындықта отыруы тиіс еді, ал мұнда арақашықтық мүлде сақталмаған.

Блицы 1:

- Көп адам арақашықтықты сақтамайды, мені осы мәселе алаңдатады, әлеуметтік жауапкершілік төмен.

Блицы 1:

- Маска кимеймін деп қарап тұратын адамдар бар, біз жүргізуші ретінде ескертеміз.

Карантин талабы бойынша мәдени, ойын сауық, спорттық, діни және әлеуметтік шаралар тек ашық аспан астында ұйымдастырылуы тиіс және 5 шаршы метрде бір ғана адамның орналасуы міндеттеледі. Алайда, бұл тәртіпке де шекеден қарайтындар көп.

Аида Қыдырбай, тілші:

- Түнгі Киев тіпті бөлек түсінікте өмір сүруде. Мысалы мына қоғамдық орынның бар аумағы 40 шарты метр, ал мұндағы адам саны отыздан асады. Тәртіп бойынша мейрамхана, түнгі клуб, бар және кафелер жалпы көңіл көтеруге арналған орындар сағат түнгі 23:00-ге дейін ғана қызмет ете алады, алайда, бұл ережені де елеп жатқан ешкім жоқ. Сондықтан қала мэриясы карантинді тағы 14 күнге ұзартып отыр.

Виталий Кличко, Киев қаласының мэрі:

- Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Киевте коронавирусқа қатысты карантин қайтадан күшейтілді. Бұған медициналық мекемелердегі орындардың 50%-тен астамы коноравирус жұқтырған науқастармен толғаны тікелей себеп болған. Өзіңмен үнемі құжатты алып жүру міндеттеледі және қандай бір шараны ұйымдастырушылар 1,5 метрлік қашықтық талабын орындауы тиіс.

1,5 метрлік ара қашықтықтың Украинаның негізгі әуежайы Бориспольда да сақталмайтынын жолаушылар жиі айтып шағымдануда. Әсіресе, ұшақ іші мен кеден бекетіндегі ұзын-сонар кезек кезінде тығыз орналасқан адам санында есеп жоқ. Атап өту керек, Украинада коронавирустың таралуы, әсіресе, тамыз айында кең етек алды. Соңғы тәуліктегі ресми статистика бойынша вирус жұқтырғандар саны 24 сағатта 1464 адамға жеткен.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы