424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллионға жуықтады

  • 134
  • UPD: 10:27, 18.08.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22 миллионға жуықтады

Испанияның өзінде соңғы күндері науқастардың қатары 50 мыңға артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің таралуын тоқтату үшін жергілікті билік екі аптаға түнгі клубтар мен казиноларды жауып тастады. Ал, мейрамханалар мен барлар келушілерге түнгі сағат 00:00-ге дейін ашық. Мадрид билігі болса, тұрғындарды жаппай коронавирусты анықтайтын тестілеуден өткізуде. Басты мақсат – симптомсыз науқастарды анықтау. Ал, Италияда шетелден келгендер міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі тиіс. Тестті әуежайдан шықпай*ақ тапсыруға болады.

Айта кетейік, бір тәулікте 600-ден астам италиялық азаматқа COVID-19 диагнозы қойылған. Мамандар жағдайдың ушығуын туризм жұмысының жандануымен байланыстырып отыр. Францияның эпидемиалогиялық ахуалы да мәз емес. Бұнда бір күнде 600-ден астам науқас тіркелуде. Осыған орай ел президенті Эммануэль Макрон тұрғындарды маска тағу режиміне немқұрайлы қарамауға шақырады.

 

Хабар 24 телеарнасы