426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода тамыз айында аптап ыстықтан 79 адам қайтыс болды

  • 167
  • UPD: 11:46, 18.08.2020
Токиода тамыз айында аптап ыстықтан 79 адам қайтыс болды

Токиода тамыз басталғалы ыстық ауа райының әсерінен кем дегенде 79 адам қайтыс болды.

Қайтыс болғандардың 80%-тен астамы 70 жастан асқан адамдар. Олардың көбісі кондиционер орнатылмаған үйлерде көз жұмған, деп хабарлады ТАСС.

Дүйсенбі күні Жапонияның Хамамацу қаласында күндіз ауа температурасы 41,1 градусқа дейін көтеріліп, екі жыл бұрын болған рекордтық температураны қайталады.

Осы аптада Токиода термометр бағаны 36 градусқа дейін көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы