426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда әуе шары құлады: бір адам көз жұмып, жетеуі жарақат алған

  • 171
  • UPD: 12:03, 18.08.2020

Германияның Рейнланд-Пфальц аумағына бортында сегіз адамы бар әуе шары құлады.

Бұл туралы Merkur басылымы хабарлады.

Жел екпіні жерге қонуға жақындаған шардың бағытын өзгертіп жіберген. Салдарынан шар теміржолдың маңындағы ағаштарға ілініп қалған.

Құтқару жұмыстарына жүздеген адам жұмылдырылып, пойыз қозғалысы да уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, ұшқыш көз жұмып, жеті жолаушының барлығы жарақат алған, ал соның екеуінің халі мүшкіл.

Хабар 24 телеарнасы