426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда бес жыл ішінде алғаш рет оба жұқтыру дерегі тіркелді

  • 133
  • UPD: 14:44, 18.08.2020
Калифорнияда бес жыл ішінде алғаш рет оба жұқтыру дерегі тіркелді

Калифорнияда 2015 жылдан бері алғаш рет оба ауруын жұқтыру жағдайы тіркелді.

Ауру Эльдорадо округінің Саут-Лейк-Тахо қаласында анықталған. Науқас дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, өзен жағасында итімен серуендеп жүрген бұл адамды оба жұқтырған бүрге шағып алған болуы мүмкін.

Сирек кездесетін, бірақ өлімге әкеп соғатын жұқпалы ауру көбінесе бүрге арқылы тарайды.

Бұған дейін АҚШ-тың Колорадо штатында соңғы бес жылда алғаш рет адамның оба жұқтыру дерегі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы