426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда орман өрті өршіп тұр

  • 165
  • UPD: 14:55, 18.08.2020
Бразилияда орман өрті өршіп тұр

Амазония ормандары отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Бразилияның Пара штатындағы орманды алқап өртеніп жатыр. Мамандардың болжамы бойынша апат қасақана ұйымдастырылған. Жалпы соңғы 12 айда аймақта көлемі 9205 шаршы метр орманды жер күлге айналды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 34%-ке артық. Шілде айының соңында 40 мыңнан астам өрт ошағы тіркелген. Қазір қызыл жалыннан шыққан қара түтін жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы