421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар COVID-тан болатын өлімнің азаюын вирустық мутациямен байланыстырды

  • 165
  • UPD: 17:39, 18.08.2020
Ғалымдар COVID-тан болатын өлімнің азаюын вирустық мутациямен байланыстырды

АҚШ маманы Пол Тамбья Еуропадағы коронавирустан болатын өлім жағдайларының азаюын жаңа мутацияның таралуымен байланыстырды.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Инфекционист дәрігердің айтуынша, Еуропада кең тарала бастаған және жақында Малайзиядан табылған жаңа коронавирустың D614G мутациясы жұқпалы болуы мүмкін, бірақ одан болатын өлім жағдайлары аз кездеседі. D614G мутациясы Сингапурде де тіркелген болатын.

Тамбья вирустардың көпшілігі мутацияға ұшыраған сайын қауіптілігін төмендететінін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы