420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия туристерден «ковидпен» ауырмайтыны туралы анықтама талап етеді

  • 139
  • UPD: 22:25, 18.08.2020
Грекия туристерден «ковидпен» ауырмайтыны туралы анықтама талап етеді

Коронавирус індетіне байланысты Грекия билігі турист қабылдаудың жаңа талаптарын әзірледі.

Испания, Нидерланд, Бельгия, Чехия мен Швеция елдерінен қыдырып келген әрбір азаматтан коронавирус табылмағаны туралы анықтама талап етіледі. Және ол соңғы үш күн ішінде берілген болуы тиіс.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Грекияда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Бүгінде ел аумағында 7 мыңдай науқас тіркелген. 230-ға жуық азамат қауіпті вирустан қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы