420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мали президенті отставкаға кетті

  • 150
  • UPD: 08:11, 19.08.2020
Мали президенті отставкаға кетті

Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта бүлікші әскерилердің тұтқындауынан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости жергілікті мемлекеттік телеарнаға сілтеме жасап.

«Мен өз өкілетімді осы сәттен бастап тоқтату туралы шешім қабылдадым. Елде менің билігімді сақтап қалу үшін қан төгілгенін қаламаймын», – деді ол сөзінде. Сондай-ақ Кейта парламент мен үкімет құрамы да таратылатынын айтты, деп хабарлады РТ.

18 тамызда Малидің президенті мен премьерін бүлікші әскерилер үйлерінен тұтқындап әкеткені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы