424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 221 мыңнан асты

  • 148
  • UPD: 08:14, 19.08.2020
Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 221 мыңнан асты

 

Францияда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырудың 2238 дерегі тіркелді.

COVID-19-бен ауырып жатқандардың жалпы саны осылайша 221 267 адамға жетті.  Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды RT.

Өткен тәулікте аталған аурудан 17 науқас көз жұмған. Ал эпидемия басталғалы бері 30 451 адам бақилық болды. Қазіргі таңда Франция ауруханаларында КВИ жұқтырған 4,8 мың адам емделіп жатыр.

Бұған дейін Париж әкімшілігі көшелер мен адам көп шоғырланатын орындарда маска тағып жүру міндеттелгенін хабарлаған еді.

Хабар 24 телеарнасы