424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа антирекорд орнады

  • 193
  • UPD: 18:25, 19.08.2020
Украинада коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа антирекорд орнады

Бір тәулік ішінде қауіпті вирус 1967 адамнан табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

28 науқас көз жұмды. Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі осындай дерек келтірді. Індет басталғалы бері бұл елде барлығы 96 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған.

Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Владимир Зеленский Украина коронавирустың екінші толқыны алдында тұрғанын ескерткен еді. Осыған байланысты ол тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы