424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияның Аджария аймағындағы тұрғындар Түркиямен шекараны ашуды сұрады

  • 120
  • UPD: 18:35, 19.08.2020
Грузияның Аджария аймағындағы тұрғындар Түркиямен шекараны ашуды сұрады

Грузия Түркиямен шекарасын біржақты ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік бұл туралы шілде айының аяғында мәлімдеді. Үкіметті мұндай қадамға Аджария аймағындағы наразылық шарасы итермеледі. Себебі, жыл сайын Түркияға маусымдық жұмысқа баратын өңір тұрғындары індеттен шекара аса алмай, күнкөрісі қиындаған. Сондықтан акцияға қатысушылар билікке жұмыссыздық, банктік қарыз, 97 доллар көлеміндегі біржолғы жәрдемақы жағдайды жақсарта қоймағанын айтып, Түркиямен шекараны ашуын сұрады. Билік халықтың талабына құлақ асқанымен, Түркияға табыс табуға баратындар осы елден «үш айға ресми шақыру қағазы болуы керек» деген шарт қойды. Ал маусымдық жұмысқа баратындар мұндай талапты орындау мүмкін емес екенін айтады.

Шушана Горгадзе, Батуми қаласының тұрғыны:

- Қазір шекарадан өту үшін қолайлы сәтті күтіп отырмын. Отбасымды асырау үшін Түркияға барып жұмыс істесем бе деп едім. Бұған дейін ол елде үй тазалаушы болып еңбек етіп, айына шамамен 200 доллар тапқанмын. Отбасымда 10 адам бар. Күйеуім мүгедек зейнеткер. Қазір соның зейнетақысына ғана қарап отырмыз. Ал, түрік жұмыс берушісінен шақыру қағазы туралы тек таныс керек, ақша төлеу қажет дегенді естідім. Бірақ нақты ешнәрсе білмеймін.

Хабар 24 телеарнасы