424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қайтадан санкция салады

  • 172
  • UPD: 11:00, 20.08.2020
АҚШ Иранға қайтадан санкция салады

АҚШ Иранға қарсы санкцияларды қайта салмақ. Бұл туралы жуырда  ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл жаңалықты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне хабарлағаннан соң тура 30 күннен кейін шектеу шаралары заң бойынша күшіне енетін болады. Вашингтон осы жолы  Ирандағы уран өндірісін тоқтатпақ ниетте. Бұл аздай Құрама Штаттар Иранға бұған дейін салған қару-жарақ эмбаргосын тағы 13 жылға дейін ұзартуды көздейді.

Айта кетейік, бұл санкция ағымдағы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді. Алайда өткен аптада БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың бұл қарарын қолдамаған. Дауыс беру кезінде қару-жараққа қатысты санцияны АҚШ пен Доминикан Республикасы қолдаса, Ресей мен Қытай қарсы болды. Ұйымның қалған 11 мүшесі дауыс беруден қалыс қалды.

Хабар 24 телеарнасы