426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирустан көз жұмған адам саны алты мыңнан асты

  • 166
  • UPD: 10:24, 20.08.2020
Түркияда коронавирустан көз жұмған адам саны алты мыңнан асты

Түркияда Чумра қаласының мэрі коронавирустан көз жұмды. 46 жастағы жергілікті әкімдік басшысы осыдан екі апта бұрын қатерлі індетке шалдыққан. Елде коронавирустан қаза тапқандар саны 6 мыңнан асты.  Бірқатар шаһарда той- думанның өтуіне шектеу қойылды. Дегенмен, курорттық аймақтарда жағдай тұрақты. Індетке байланысты туризм басшылары, қонақүйлер бағасын 25% арзандатқан. 

Тайлан Борса, COVID-19 бақылау жетекшісі:

- Пандемияға байланысты барлық мекендерде «қауіпсіз туризм», «қауіпсіз орын» сертификатын алуға міндеттіміз. Мен де қонақүйдің «COVID-19» ережелерін қадағалайтын топтың жетекшісімін. Айына бір рет аттестациядан өтіп тұрамыз. Жүйелі түрде, әкімшілік және министрлік тарапынан бақылаудан өтеміз. Коронавирусты осындай қатаң шаралар аясында жеңе аламыз.

Хабар 24 телеарнасы