426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаити жағалауында қайық аударылып, 14 адам қаза тапты

  • 174
  • UPD: 11:38, 20.08.2020
Гаити жағалауында қайық аударылып, 14 адам қаза тапты

Гаитидің солтүстігіндегі Тортуга аралынан жолаушылар тасыған қайық апатқа ұшырады.

Апат салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, бірнеше адам із-түзсіз кетті, деп хабарлады Associated Press.

Басылымның мәлімдеуінше, кеме шамадан тыс жүк тиелгендіктен апатқа ұшыраған. Кем дегенде тоғыз адам құтқарылды, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Хабар 24 телеарнасы