420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда орман өрті басылмай тұр

  • 113
  • UPD: 14:28, 20.08.2020
Калифорнияда орман өрті басылмай тұр

Калифорнияда орман өрті ырық бермей тұр. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы күннен күнге ұлғайып барады.

Қызыл жалынның өршуіне күн райының қолайсыздығы себеп. Салдарынан бірнеше баспана мен 50-ден астам құрылыс күлге айналды. Жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында мыңдаған тұрғынды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Калифорнияның өзінде 23 ірі өрт ошағы тіркелген. Ақпарат көздері тілсіз жауды ауыздықтау барысында ұшақ апаты болғанын хабарлайды.

Өкінішке орай, борттағы ұшқыш мерт болды. Апатқа не себеп болғанын анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы